ҚАРАУСЫЗ ЖҮРГЕН МАЛДЫҢ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі түнгі уақытта автожолдарға шығып кеткен қараусыз малдардың салдарынан орын алуда. Бұл – жүргізушілер мен жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндіретін өзекті мәселе.

Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Созақ аудандық полиция бөлімі мен ветеринария қызметкерлері бірлесіп, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бірқатар шаруа қожалықтарындағы ірі қара малдарға түнгі уақытта жарық шағылыстырып тұратын арнайы ленталар тағылды. Мұндай белгілер қараңғы мезгілде көлік жүргізушілеріне малды алыстан байқауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, түсіндіру шаралары барысында Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі талаптары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, мал иелері өздеріне тиесілі жануарларды қараусыз қалдырмауға, олардың автожолдарға шығуына жол бермеуге міндетті екені ескертілді. Автожолдар бойында және жол жиегінде мал жаюға тыйым салынған.

Жол үстінде қараусыз жүрген мал – үлкен қауіп көзі. Әсіресе жолға жақын орналасқан шаруа қожалықтарына малдарының мойнына түнде жарық беріп тұратын арнайы ленталар тағу ұсынылады.

Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Мал иесі ретінде Сіз тек өз малыңыздың амандығына ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да толық жауаптысыз.

Қараусыз мал жібергені үшін заң талаптарына сәйкес айыппұл салынып, әкімшілік материалдар толтырылатынын ескертеміз.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *