5 ақпан күні «Дүниежүзілік сайлау күні»

2026 жылдың 5 ақпан күні «Дүниежүзілік сайлау күні» аталып өтіледі. Бұл күнді атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен басталды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады. Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі, өйткені Халықаралық сайлау туралы келісімдерге ақпан айының басында қол қойылды. Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуға тырысты. Бұл күннің басты мақсаттары— қоғам санасында демократияландыру үдерісінің қайтымсыздығын растау, халықты сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұмтылысты қалыптастыру. Соған орай біздің ауданда, 26 қаңтардан бастап «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған жоспарлы іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен учаскелік сайлау комиссияларының қатысуымен, білім беру ұйымдарымен өзара ынтымақтастық аясында бірқатар ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Іс-шараларды ұйымдастыру барысында Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтілік, Кәсібилік және алқалылық қағидаттары қатаң сақталды.

Кездесулер «Электоралды қағидаттар – сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында өтті.

Жоғарыда көрсетілген бес негізгі принципті қамтамасыз етуге бағытталған бұл іс-шараларға жалпы саны 3500-ға жуық адам қатысып, оларды 2500-нан аса жастар құрады. Аталған бағыт аясында 80 –ке жуық түрлі іс-шара өткізілді.

Іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарын түсіндіруге басымдық берілді. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық білімін жетілдіру және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар, дәрістер мен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға, электоралды мәдениетін қалыптастыруға және сайлау үдерістеріне саналы түрде қатысуын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Барлық іс-шараны ұйымдастырған учаскелік сайлау комиссиясы мен білім беру ұйымдарына алғысымызды білдіреміз.

Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *