
Аудандық орталық кітапханасында «Кітапханалар қызметі: дәстүр және жаңашылдық» атты аудандық семинар өтті.
Аудандық семинарға орталық кітапхана және оған қарасты 21 ауылдық кітапхананың кітапханашылары қатысып, кәсіби тәжірибе алмасты.
Семинарды кітапхана директоры Нұржамал Әбілжанқызы ашып, әріптестерді 2025 жылдың қорытынды есебін сәтті тапсырғандарымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«2025 жыл қорытындысы және даму бағдарлары» тақырыбында кітапхананы дамыту бөлімшесінің басшысы Б. Бекмуратова баяндама жасап, сандық есеп пен кітапхана құжаттарын жүйелі жүргізудің маңызын атап өтті.
Жылдық есеп беру барысында жоғары жауапкершілік танытқан ауылдық кітапханашылар «Ең үздік есеп беруші», «Дерекке адал маман», «Есепке ұқыпты кітапханашы» секілді номинациялармен марапатталды.
2026 жылға арналған жоспарлар бойынша Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Г. Жонаева талдау жасады.
Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімшесінің басшысы Ақмарал Нұрболатқызы кітап қорының жай-күйіне тоқталып, әдістемелік бағыт-бағдар берді.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесінің кітапханашысы Балнұр Жұмабаева
«Кітапхана имиджі: дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынды.
Семинар қорытындысында қатысушыларға жан-жақты әдістемелік көмек көрсетіліп, аудандық семинар жоғары деңгейде қорытындыланды.