ДИРЕКТОРЛАР ДЕБАТЫ ӨТТІ

Созақ ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектеп директорлары арасында «DEBATE PRO: ЗАМАНАУИ КӨШБАСШЫ» тақырыбында парламенттік форматтағы пікірсайыс дебаты өткізілді.

Дебаттың мақсаты – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, басқарушылық тәжірибе алмасу және директорлардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Парламенттік форматтағы тартысты әрі мазмұнды пікірталас қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Іс-шара барысында қатысушылар сыни ойлау, шешендік өнер және стратегиялық жоспарлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде жүлделі орындар мен, үздік спикерлер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

1-орын – Омарқызы Айсұлу – Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп директоры, Сүйгенбаев Бақытжан – І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп директорларынан құралған фракция;

2-орын – Ұлымбаева Айсұлу – «Созақ» мектеп-гимназия директоры, Кузенбаев Айбар – Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия директорларынан құралған фракция;

3-орын – Кәдірханұлы Оразхан – Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры, Бейсен Іңкәр – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп директорларынан құралған фракция;

3-орын – Әлжанов Мақсат – А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебі директоры, Таласбаев Мейірман – Оқушылар үйінің директорларынан құралған фракция.

«Үздік көшбасшы — спикер» номинациясымен Аметжанов Ілес – Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп директоры;

«Үздік стратег» номинациясымен Маманов Марат – Қ.Кемелұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры;

«Үздік стратегиялық шешім» номинациясымен Алғазиева Ләззат – Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы;

«Үздік басқарушылық аргумент» номинациясымен Беласаров Ғалым – «Суындық» жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы;

Осындай форматтағы кездесулер білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасу алаңына айналуда.

Жүлдегер атанған мектеп директорлары Созақ ауданының білім бөлімі мен Білім қызметкерлері Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *