Еңбек дауы-Ең өзекті тақырып

Осы аптаның сейсенбісі күні Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында еңбек даулары, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкрот деп тану және медиацияның тиімділігі туралы дөңгелек үстел жиыны өтті. Аталмыш жиынға Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Зұлпыхарұлы Биболов пен осы шараны ұйымдастырушы Созақ аудандық сотының төрағасы А.Дәуренбеков арнайы қатысты. Сонымен қатар, Мәжілісті аудан әкімінің м.а. С.Маманов ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.С.Тулендиев, Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы А.Өтебаев, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорын басшылары мен өкілдері, Мансап орталығының директоры және орынбасары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты еңбек дауларын мейілінше азайту, тараптарды соттан тыс тәртіпте татуластыру, сондай-ақ сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету; Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкрот деп тануда заңнаманы дұрыс қолдану, сондай-ақ дауларды медиация тәртібінде шешу мәселелері;

Заңды қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерді талқылау, жиі көздесетін қателіктерді анықтау, сондай-ақ осы саннатағы істерді қарау барысындағы ұстанымды қалыптастыру сияқты көптің көкейінде жүрген өзекті сауалдар қамтылды. Жиынның мақсаты туралы Созақ аудандық сотының төрағасы Дәуренбеков  Ақылбек Сергейұлы алдымен сөз алып, Сот өндірісінде қаралған еңбек даулары, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкрот деп тану туралы істер бойынша хабарлама жасады. Одан кейін еңбек дауы бойынша медиацияның тиімділігі туралы медиатор Дүйсебекова Гүлжамалдың шағын баяндамасы тыңдалды.

Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдар мен ұсыныс, пікірлерге қатысты және еңбек дауы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, банкрот деп тану туралы істер бойынша сөз алғансот алқасының төрағасы Биболов Нурлан Зулпыхарұлы аталмыш жиынның мән мағынасы туралы және алдағы уақыттағы осы мәселелерге қатысты ұйымдастырылатын шаралар туралы айтта келіп жиынды қортындылады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *