ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Аудандық орталық кітапхананың жаңа ғимаратына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мамандары арнайы келіп, ақжарма құттықтаулары мен ыстық ықыластарын білдірді.

Кітапхана басшысы келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, заманауи үлгіде бой көтерген жаңа ғимараттың ішкі бөлімдерімен таныстырды.

Іс-шара әрі қарай акт залында жалғасын тапты. 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай білім бөлімінің мамандары рухани ордаға бірнеше құнды әдеби кітаптарды сыйға тартты.

Бірлігі жарасқан ұжымның көзі ашық, көкірегі ояу, білікті әрі білімді мамандар екені айқын байқалды. Бұл күні оқырмандардың ерекше қызығушылықпен оқитын, рухани құндылығы жоғары кітаптар тарту етілді.

Кітап сыйлау акциясы аясында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нұржан Тәңгірбергенұлы өзінің үй кітапханасынан мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Сұлтанбек Қожановтың еңбегін сыйға тартып, негізгі мамандығы тарихшы екенін айқындай отырып, алғашқы кітапханалар жайлы мазмұнды ойларымен бөлісті.

Ал Ермаханова Күлшат Нысанбекқызы жергілікті қаламгер Мыңжасар Асқарұлының жыр жинағын тарту етті. Сондай-ақ Амангелдиев Әділет Амангелдиевич, Қуанышбаева Назира Асаубайқызы, Бөкенова Зауре Сайлаубекқызы, Төлеубекова Мадина Қуандыққызы, Бегайдарова Ақтолқын, Қалманбаева Ақбота Әбдәліханқызы, Каримова Қаламқас Шәкірқызы, Досболов Ерік Есенұлы, Қалыбекова Әйгерім Қуанышбекқызы, Өтжанов Әсет Аралбайұлы, Жақсыбеков Жандос Қуандықұлы, Асауова Айгерім, Ерденова Жансая Қалдыбайқызы, Смайлова Айгерім Нұрланқызы, Жұмадил Хамза Рамазанұлы, Сағынтай Нұрсұлтан Жұмабекұлы, Тұрсынбек Ерқанат Нұрлыбекұлы, Жарқынбекұлы Қыдырәлі, Асылханқызы Жанерке өз кітаптарын сыйға ұсынды.

Сыйға берілген кітаптардың қатарында Қасымхан Бекгмановтың «Менің Түркістаным», Зейнеп Ахметованың «Сөз анасы», Дулат Исабековтің «Қарғын» және «Гауһар тас», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Қаржаубай Омарұлының «Әке», Патриция Бреннан Демуттың «Галилео кім?», Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма», Мықтыбек Жолдасбековтің «Ақ шуақ» атты еңбектері бар.

Іс-шара соңында қонақтар конференция залында жиналып, кітаптың қоғамдағы маңызы, жаңа ғимараттың аудан тұрғындары үшін ашылуы және кітапхананың ішкі жайлылығы жайлы пікірлерімен бөлісті. Алдағы уақытта бірлескен шығармашылық бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Кездесу тарихи сәт ретінде естелікке айналып, қонақтар өз қолтаңбаларын қалдырып, жүрекжарды тілектерін арнайы қолтаңбалар альбомына жазды.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *