Спорт саласы мамандарына профилактикалық жиын өтті

2026 жылғы 3 ақпанда аудандық «Созақ спорт клубы» КММ-нің мәжіліс залында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме-профилактикалық жиын өтті.

Жиынға «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің бөлімше басшысы Біржан Саржанов, халықпен профилактикалық жұмыс маманы Айжан Манабаева, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Жанерке Жұматова қатысты.

Кездесу барысында отбасындағы кикілжіңнің алдын алу, бала тәрбиесі, буллинг пен кибербуллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берілді. Жиын соңында азаматтарға психологиялық және құқықтық кеңес алу жолдары түсіндірілді.

Мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту және зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *