
Жуырда «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы онкүндік аясында А.Иманов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп базасында «Жас мамандар – заманауи сабақ: цифрлық технологиялардың рөлі» тақырыбында Жас мамандар күні өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи сабақ үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту, инновациялық әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға жағдай жасау және жас ұстаздардың шығармашылық әлеуетін қолдау.
Аталған шараға химия, биология, география, математика, физика, информатика, қоршаған ортамен таныстыру (МАД), жаратылыстану (бастауыш сынып) пәндері бойынша еңбек етіп жүрген жас мамандар қатысты.
Шара барысында жас мамандардың қатысуымен ашық сабақтар өткізілді, тәжірибе алмасуға бағытталған шебер-сынып алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында өткізілген жұмыстар қорытындыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізіліп, алдағы жұмыстарға бағытталған ұсыныстар қабылданды.
Жас мамандардың кәсіби өсуіне серпін беретін, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін қамтыған мазмұнды шара болды.