
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға 20-ға жуық тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Көтерілген өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты болды. Сонымен қатар әлеуметтік көмек, жер қатынастары және жұмыспен қамту салаларына байланысты сұрақтар да қозғалды.
Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтініш-тілегін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді. Көтерілген мәселелерді шешу жолдары жауапты сала мамандарымен бірлесе отырып жан-жақты сараланып, бірқатар өтініштер бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.