ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Аудан аумағында өрт қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Аталған шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, газ инспекциясының мамандары және полиция қызметкерлері қатысты.

Шара барысында тұрғын үйлерде, сауда орталықтарында және көше бойында орналасқан сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, тұрғын үйлердегі пеш мұржаларын уақтылы тазалау, қауіп төндіретін және талапқа сай келмейтін газ баллондарын пайдаланбау жөнінде ескертулер берілді.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелері көрсетілген ақпараттық-ескерту парақшалары таратылып, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Шараның мақсаты адам өмірі мен денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *