Сайлау мәдениеті – саналы ұрпақ кепілі

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қаратау ауылдық округінде

«Бұл палата мектептен бастап сайлау мәдениетін қалыптастыру керек» тақырыбында дебат сайысы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәл жеткізуге баулу, сондай-ақ азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

Дебатқа білім беру мекемелерінен жастар қатысып, екі тарап берілген тақырып аясында өз ұстанымдарын қорғады. Сайыс барысында жастар дәлелді пікір айтып, логикалық ойлау мен пікірталас мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.

Сонымен қатар, тақырып төңірегінде маңызды ойлар қозғалып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен қоғамдағы белсенді азаматтық позицияның маңызы кеңінен айтылды.

Іс-шара соңында жастар дебаттың танымдық әрі тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуына ниет білдірді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *