
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелерге нақты жауаптар берілді.
Жеке қабылдауға 30-дан аса тұрғын жүгінді. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты болды. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру, жер және коммуналдық салаға байланысты сұрақтар да көтерілді.
Аудан басшысы әр мәселені заң аясында шешу жолдарын қарастырып, жауапты сала орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдауға салалық орынбасарлар, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына тиісті түсіндірмелер берді.