
Созақ аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Тасты ауылында жастармен «Менің таңдауым – денсаулық» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарға денсаулықтың ең үлкен құндылық екенін түсіндіру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Кездесу барысында салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің алдын алу, саналы таңдау жасау мәдениеті туралы кеңінен әңгіме өрбіді. Қызықты деректер мен нақты мысалдар арқылы денсаулықтың адам өміріндегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Жастар өз ойларын ашық білдіріп, белсенді пікір алмасты. Интерактивті сұрақ-жауап бөлімі қатысушылардың қызығушылығын арттырып, шараны әсерлі әрі мазмұнды етті.
Өйткені әрбір жас – елдің болашағы.
Ал болашақтың берік болуы – бүгінгі дұрыс таңдаудан басталады.