
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық шеңберінде Созақ ауданында дауыс беру учаскелерінің дайындығына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылып, учаскелік референдум комиссиялары орналасқан ғимараттардағы қолжетімділік жағдайларын тексерді.
Жұмыс тобы дауыс беру учаскелерін аралау барысында:
▪️ учаскелердің «Қолжетімді орта» интерактивті картасына енгізілгенін;
▪️ ғимараттардың пандустармен, тактильді жолдармен және арнайы автотұрақтармен жабдықталғанын;
▪️ дауыс беру үй-жайларында арнайы кабиналар мен тактильді көрсеткіштердің орнатылғанын;
▪️ ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы орындар мен қажетті құралдардың қарастырылғанын анықтады.