
Жуырда Шымкент қаласында өткен Белбеу (Алыч) күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Бейсенбі Асылбек топ жарып, 3 дүркін Қазақстан чемпионы атанды!
Бұл — тек бір спортшының жеңісі емес, бұл — ауылдың, елдің мерейі. Қарапайым ауылдың топырағында өсіп, талай тер төгіп, қайсар мінезімен биікті бағындырған Асылбектің жетістігі бүгінгі жастарға үлкен үлгі. Осындай ұлдар барда қазақ спортының туы әрдайым биікте желбірей беретіні анық.
Жеңімпазымызға алдағы халықаралық додаларда да толағай табыс тілейміз! Ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкке көтере берсін!
Осы жетістікке шәкірт тәрбиелеп, еңбек сіңірген алғашқы бапкері Ернұр Мейірманов пен қазіргі бапкері Айдос Құлманбетовке айтар алғысымыз шексіз. Сондай-ақ қазақ күресінің бапкерлері Ернұр Мейірманов пен Болат Тышанбай тәрбиелеп жатқан жас балуандарға Асылбек ағаларының жолын берсін дейміз.
“Елдің атын ер шығарады” дейді дана халқымыз. Осындай намысты жастарымыз көп болсын!