ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ  ЖАУАПКЕРШІЛІК!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жуантөбе ауылдық округінде қоршаған ортаның тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын күшейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Осыған орай Жуантөбе ауылдық округі әкімі аппараты мен жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауыл аумағында кезекті тазалық рейді ұйымдастырылды.

Рейд барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, саябақ, балалар ойын алаңдары, тротуарлар мен тұрғын үйлерге іргелес аумақтардың санитарлық жағдайына бақылау жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастаған, өз ауласы мен қақпа маңын күтіп ұстамаған тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, ескертулер берілді.

Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтар қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатыны ескертілді.

Назар аударыңыз! 2026 жылғы 1 шілдеден бастап әрбір тұрғын өз үйінің ауласын, қақпа маңын және оған іргелес аумақты таза ұстауға міндетті. Белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза аула – таза көше, таза көше – көрікті ауылдың кепілі.

Барша Жуантөбе ауылының тұрғындарын тазалықты сақтауға, туған жеріміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз!

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *