
Елімізде өндіріс орындарында, кен өндіру, металлургия, химия өнеркәсібі және басқа да еңбекжағдайы зиянды жұмыстарда еңбек ететіназаматтарды әлеуметтік қорғауға ерекше мәнберіледі. Осындай жұмыстарда ұзақ жыл еңбекеткен азаматтардың денсаулығын сақтау жәнезейнеткерлік жасқа дейін әлеуметтік қолдау көрсетумақсатында мемлекет арнайы кепілдіктерқарастырған.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтіккодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасыныңазаматтары, сондай-ақ елімізде тұрақты тұратыншетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 55 жасқатолған және олардың пайдасына міндетті кәсіптікзейнетақы жарналары кемінде 84 ай төленгенжағдайда арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқылы.
Зиянды жұмыстан кеткен азаматтарға қандайтөлемдер беріледі?
Егер қызметкер зиянды еңбек жағдайындағыжұмысын тоқтатса немесе денсаулыққа зиянкелтірмейтін басқа жұмысқа ауысса, оған заңнамағасәйкес:
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
Сақтандыру ұйымынан зейнеткерлік алдындағыаннуитеттік төлем;
Жұмыс беруші есебінен кәсіптік төлем;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағыміндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебіненқалыптасқан зейнетақы төлемі тағайындалады.
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасамайтыназаматтар үшін 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде:
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынантөленетін төлемдерді алуға құқылы.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақықалай тағайындалады?
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыазаматтың өтініші тіркелген күннен бастаптағайындалады. Егер қызмет проактивті түрдекөрсетілсе, онда азаматтың келісімі берілген күнөтініш берген күн болып есептеледі.
Жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және ағымдағы ай үшін төленеді.
Арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыныңмөлшері республикалық бюджет туралы заңдабелгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерін құрайды. Ең төменгі күнкөрісдеңгейі өзгерген жағдайда жәрдемақы мөлшері де қайта есептеледі.
Азаматтар нені ескеруі қажет?
Арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алуүшін азаматтар міндетті кәсіптік зейнетақыжарналарының төленген мерзіміне назар аударып, құқық пайда болған кезде уақтылы өтініш бергеніжөн. Бұл мемлекет ұсынған әлеуметтік қолдаушараларын толық әрі уақытылы пайдалануғамүмкіндік береді.
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіназаматтарды әлеуметтік қорғау – олардыңденсаулығын сақтауға, еңбек жолынан кейінгі өмірсапасын жақсартуға бағытталған маңыздымемлекеттік қолдау шараларының бірі.
Тұрабаева ӘселАхметжанқызы
Халықты әлеуметтікқорғау саласындағыреттеу жәнебақылау комитетініңТүркістан облысыбойыншадепартаментінің №2 зейнетақы жәнеәлеуметтікқамсыздандырубөлімінің бас маманы