Құзіреті құнды Құрылтай

Созақ ауданының байырғы халқы үшін көптен күткен сайлау науқаныда жоғары деңгейде өтті.
Аудан халқы саяси ой өрісі жағынан алғанда қашанда өзінің белсенді екенін ісімен де, қабілет қарымымен де дәлелдеп келеді.
Менің өзім таңертең ерте сағат 8-30 да барғанымда аудан орталығы тұрғындарының белсенділігінің жоғары деңгейде екенін байқадым.
Елдің ауызбіршілігі мен ынтымағы, береке бірлігінің қайнар көзі болып табылар Құрылтай бүгінгі күні өзіне зор жауапкершілік, аса маңызды аманат арқалап отыр.
Аудан жұртшылығы өздері сайлаған, дауысын берген партия арқылы Құрылтайдан үкілі үміт күтеді.
Әдеби кітаптар мен тарихи деректер көзі бойынша ғана білетін ол Құрылтайлардың бүгінгі таңдағы жаңарған, жасарған, замана көшін бастаған бұл Құрылтайдың бәсі биік, бағасы қымбат, болашағы жарқын деп білемін.
Бүгін ауданның жастары, ардагерлері, қараша жұрт, елдің ертеңіне бей жай қарамайтын қалың қауым болып бір кісідей бірлесе отырып байыпты таңдау жасады деп ойлаймын.
Ең бастысы елімізде бейбітшілік, тыныштық, татулық салтанаты мәңгілік болсын!
Құзіреті құнды құдіретті Құрылтай Қазақстан халқына адалынан қызмет ете берсін!
Ең бастысы ел өз таңдауын дұрыс жасап, қабырғалы халық екенін таныта білді.

Мақсат Қарғабай,
«Созақ үні» газетінің бас редакторы

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *