ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналған мәжіліс өтті.
Жиын барысында аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, биылғы жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен негізгі индикаторлардың орындалу барысына тоқталды. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта кәсіпкерлік, салық түсімдері, инвестиция тарту, жұмыспен қамту және өзге де маңызды бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі жөнінде баяндады.
Мәжілісте аудан басшысы әрбір саланың көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталып, жан-жақты талдау жүргізді. Жоспарланған межелердің сапалы әрі уақытылы орындалуы ауданның тұрақты дамуының негізгі көрсеткіші екенін айтып, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына әрбір индикатордың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, көрсеткіштері төмен бағыттар бойынша нақты шаралар қабылдап, орын алған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды міндеттеді. Сондай-ақ барлық сала басшыларына межеленген жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз етіп, нәтижеге бағытталған жұмысты күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *