Бір кісідей атсалысайық!!!

Тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамыз күні – ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір отандасымыз дауыс беріп, мемлекеттің жаңа бағытын айқындауға атсалысатыны мәлім. Ел дамуының жаңа кезеңіқарсаңындағы дәл сол күн – халық жаңа таңдаужасайтын тарихи күн.

Бірнеше ондаған жылдар бойы жинақтағантәжірибесі мен тарихи рөлі бар қос палаталыПарламент құқықтық жүйені қалыптастыруға, мемлекеттік институттарды нығайтуға, заң шығарумәдениетін орнықтыруға маңызды үлес қосты. Қоғам өзгерген сайын саяси институттар да жаңаталаптарға бейімделетіні мәлім. Ал, бір палаталыҚұрылтайға көшу –  қалыптасқан тәжірибеден бас тарту емес, заң шығару билігін заман талабына сайжаңғыртуға бағытталған қадам деп ұғынғанымызжөн.

Сол себепті Құрылтай сайлауына бір кісідей ат салысайық!

Мақсат Қарғабай,

«Созақ үні» газетінің бас редакторы

Бір палаталы құрылымның басты артықшылығы – заң жобаларының бірнеше сатыдан өту қажеттілігі азайып, өзекті мәселелерге дер кезінде әрі тиімді жауап беру мүмкіндігі артады. Сонымен қатар қабылданған заңдар үшін саяси жауапкершілік те бір орталыққа шоғырланады.

Парламент жұмысының нәтижелілігі оның екі немесе бір палаталы болуына ғана байланысты емес. Ең маңыздысы – депутаттардың кәсіби деңгейі, сарапшылар мен қоғам пікірінің ескерілуі және ашық саяси пікірталас мәдениетінің қалыптасуы әрі заң жобаларының сапалы әзірленуі деп білеміз. 

Қабылбек Еспенбетов,

Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – жаңа Конституцияның шеңберінде құрылатын бір палаталы Құрылтайдың алғашқы құрамы айқындалады.

Сондықтан бұл – кезекті электоралдық науқан емес, бұл – Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесінің жаңа институционалдық кезеңге қадам басуы.

Сайлау бірыңғай жалпыұлттық округ бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша өтеді. Мұндай модель саяси партияларға ел көлеміндегі қоғамдық сұранысты жинақтауға, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін тұтас бағдарламалық ұстанымдарға біріктіруге және парламенттік қызмет үшін ұжымдық саяси жауапкершілік алуға мүмкіндік береді.

Данияр Бек,

«Ел мүддесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Құрылтай –маңызды мәселерді шешетін алқалы жиын. Қоғам мен билік арасындағы диалогтың неғұрлым сапалы болуы – партиялардың бағдарламалары мен депутаттық сауалдарда және парламенттік бақылау тетіктерінде – ел тұрғындарының ұсыныстары қаншалықты көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан жаңа Құрылтай қоғамдық пікірді тек тыңдайтын емес, оны нақты заңнамалық шешімдерге айналдыратын институционалдық алаңға айналуы тиіс.

Құрылтай ел үшін маңызды мәселелер еркін талқыланатын, салмақты шешімдерге негіз қалайтын, мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді бағытын айқындауға үлес қосатын беделді саяси әрі зияткерлік алаңға айналуы тиіс. Солай боларына сенеміз. Сондықтан әрбір азамат бұл сайлау жұмысына белсенді қатысып, өз дауысын білдіруге міндетті.

Нұрсұлтан Шертаев,

Аудандық басылымның жауапты хатшысы

Құрылтайда қандай мәселе қаралса да, оның түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әділеттілікті нығайтуға және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтуге бағытталуы тиіс.

Түпкі мақсат – жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттарды нақты заңнамалық және институционалдық тетіктер арқылы жүзеге асырып, құқық үстемдігіне негізделген, әділетті, қоғамдық келісімі берік және адам мүддесін басты орынға қоятын мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамыту.

Сайлау науқанына ауылды жерлердегі әрбір азаматтан бастап ауданымыздың тұрғындары белсенді қатысуы маңызды.

Біржан Жандәулетов,

Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *