
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Созақ ауданы әкімдігі жанындағы мобильдік топтың қатысуымен Шолаққорған ауылында кезекті тазалық рейді өткізілді.
Іс-шараға Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, тиісті мекемелердің өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер қатысып, көше бойларының, тротуарлар мен қоғамдық орындардың санитарлық тазалығына бақылау жүргізді.
Рейд барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастаған тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, тазалық сақтау жөнінде ескертулер берілді.
Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтар қайталанған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Естеріңізге сала кетейік!
2026 жылғы 1 шілдеден бастап әрбір тұрғын өз үйінің ауласын, қақпа маңын және оған іргелес аумақты таза ұстауға міндетті.
Белгіленген талаптарды орындамаған азаматтарға заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Таза аула – таза көше, таза көше – көрікті ауыл!
Әрбір тұрғын қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, туған жеріміздің көркеюіне өз үлесін қосайық!