
2026 жылғы 16 шілде күні Созақ ауылдық округі әкімі аппаратында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында округ тұрғындары жеке мәселелері бойынша қабылдауға қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Азаматтардың өтініштері мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
Мұндай қабылдаулар тұрғындармен ашық әрі тиімді байланыс орнатуға, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешуге мүмкіндік береді.
Созақ ауылдық округі әкімдігі тұрғындармен кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.