АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Созақ аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Адам саудасының алдын алу және құқықтық негіздері» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.

Іс-шараны орталықтың халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маманы Айжан Манабаева жүргізіп, кездесудің мақсаты мен адам саудасының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

 «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысының м.а. Біржан Саржанов адам саудасының қоғам үшін аса қауіпті қылмыс екенін атап өтіп, азаматтарды өз құқықтарын білуге және шетелге шыққанда сақ болуға шақырды.

Орталық заңгері Гүлсезім Есенбетова адам саудасының түрлері, қауіптері және заңнамалық қорғаныс тетіктері жөнінде түсіндірме жүргізді.

Кездесу барысында тақырыптық бейнеслайд көрсетіліп, қатысушылармен кері байланыс орнатылды.

Адам саудасына қарсы күрес – әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығынан басталады!

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *