
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межеленген индикаторлардың орындалу барысы кеңінен қаралды.
Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысып, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралады.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан басшысы әрбір саладағы жұмыс қарқынына жеке-жеке тоқталып, индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейіне жан-жақты талдау жасады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, инвестиция тарту және өзге де маңызды бағыттардағы атқарылған жұмыстар мен жоспарлы межелердің орындалуы қаралды.
Жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері өз салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндап, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеді.
Мәжіліс барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Әрбір көрсеткіштің орындалуына жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарға тоқталып, межеленген міндеттердің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аудан басшысы жауапты бөлім басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне жоспардағы көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, кемшіліктердің алдын алу және жұмыс қарқынын күшейту жөнінде тапсырмалар жүктеді.