
Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде орналасқан Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесі нысанында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүруде.
Жоба аясында тарихи-мәдени мұра нысанын сақтау, оның бастапқы келбетін қалпына келтіру және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Кесене аумағын абаттандыру, сәулеттік элементтерін жаңғырту және инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында аталған нысанда болып, реставрациялық жұмыстардың барысымен танысты. Жауапты мердігерлермен кездесіп, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру ісін пысықтады.
Тапсырыс беруші – «Халық» қайырымдылық қоры. Жөндеу жұмыстарын «ҚазПроектРеставрация» ЖШС жүргізуде. Техникалық қадағалауды «Исаев Л.Т» ЖШС, ал авторлық қадағалауды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қазқайтажаңарту» мекемесі жүзеге асыруда.
Жоба 2026 жылдың 6 сәуірінде басталып, 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланған.
Аталған жұмыстар – ұлттық мұраны сақтау мен тарихи құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі.