МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас инспекторы С. Қарабаевтың қатысуымен Шу ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бақылау барысында ауылдық округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стендтердің жай-күйі, өтініш үлгілерінің қолжетімділігі, қызмет алушыларды қабылдауды ұйымдастыру сапасы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы, мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың қолжетімді әрі түсінікті ұсынылуы, ғимараттағы дабыл батырмаларының жарамдылығы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдайлардың жасалуы сынды мәселелер зерделенді.

Нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және қызметтерді тиісті деңгейде ұйымдастыру бағытында бірқатар ұсынымдар берілді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *