РАҢ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ІСКЕ АСЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Раң елді мекеніне жұмыс сапарымен барды. Алдымен 22 шілде күні жауған нөсер жаңбырдан кейінгі жағдайды бақылауына алып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Раң өзенінің арнасы білгілі бір уақыт аралығында тасып, өзен бойында су ағысының әсерінен қиыршық тастар мен су шайған жыралар пайда болған. Дегенмен, табиғи құбылыстың салдарынан тұрғын үйлерге, инфрақұрылым нысандарына немесе тұрғындардың мүлкіне ешқандай залал келмеген.

Қазіргі таңда өзен арнасын қалыпқа келтіру және жағалауды реттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстарға «Central Asia Mining Co» ЖШС-нен екі арнайы техника, ал «Созақ сәулет» КММ-нен бір техника жұмылдырылған.

Аудан әкімі елді мекеннің тау бөктерінде орналасқанын ескере отырып, су арналарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бойынша жауапты сала мамандарына өзен арнасын ретке келтіру жұмыстарын сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында аудан басшысы «Ақбастау БК» АҚ-ның демеушілігімен салынып жатқан саябақтың және ондағы сахна құрылысының барысымен де танысты. Нысанның құрылыс сапасына назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты талапқа сай әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *