Сайлаушылар тізіміне қосу тәртібі

Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз етудің маңызды кепілі – сайлаушылар тізімінің дұрыс жасақталуы. Сайлаушылар тізіміне сайлау күні он сегіз жасқа толған, тиісті сайлау учаскесінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

Әрбір азамат өз аты-жөнінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын алдын ала тексеруге құқылы. Егер тізімде қате анықталса немесе азамат енгізілмеген болса, ол учаскелік сайлау комиссиясына немесе жергілікті атқарушы органға жүгініп, тиісті құжаттарды ұсыну арқылы тізімге енгізуді немесе мәліметтерді түзетуді сұрай алады.

Сайлаушылар тізімінің нақтылығы – әр азаматтың конституциялық сайлау құқығын толық жүзеге асырудың маңызды шарты. Сондықтан сайлаушыларға өз деректерін алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда уақытылы түзету жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

*Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы*

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *