СОЗАҚ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығына сәйкес Қосалбаев Жандос Дүйсенбіұлы Созақ аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Осыған орай аудан активінің қатысуымен өткен жиында жаңа төрағаны Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов таныстырып, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Созақ аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Ақылбек Сергейұлының сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен жемісті еңбегіне тоқталып, жоғары бағасын берді.

Жиын барысында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жандос Дүйсенбіұлын жаңа қызметімен құттықтап, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыста өзара ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Қосалбаев Жандос Дүйсенбіұлы еңбек жолын 2007 жылы әділет органдарында бастаған. 2007–2008 жылдары әділет басқармасында қызмет атқарса, 2008–2021 жылдары сот жүйесінде түрлі лауазымдарды абыроймен атқарды. 2021–2026 жылдары Бәйдібек аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *