СОЗАҚТЫҚ ОҚУШЫ СДУ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

Ағымдағы жылдың 10-12 мамыр күндері Астана қаласы, «NURORDA» мектеп-лицей базасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының республикалық қорытынды кезеңінде Созақ ауданының намысын қорғаған «Созақ» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбдіқадыр Ислам «Сөз шеберлері» бағыты бойынша топ жарып, І орынды иеленіп, еліміздегі беделді оқу орындарының бірі Сүлеймен Демирел университетінің (СДУ)ішкі грантын жеңіп алды.
Білім бәйгесінде озып шыққан оқушымызды мақтан тұтамыз! Шәкіртіміздің білім жолындағы қадамына сәттілік тілейміз!
Аудандық білім бөлімі атынан Әбдіқадыр Исламды, оның ата-анасы мен жетекші-ұстазы Нурбекова Гүлмира Кемелбекқызын осынау айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Болашағың жарқын болсын, жас дарын!

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *