ЖАС ШЕШЕНДЕР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

Жуырда Түркістан қаласы «Ақжайық» музыка мектеп базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында «Бала шешеннен — дана шешенге» облыстық байқауы өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық және тұлғалық әлеуетін дамыту, олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, сөз мәдениеті мен шешендік өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Бұл бастама «Қазыбек би» қоғамдық қорының бастамасымен Түркістан облыстық білім басқармасының қолдауымен соңғы үш жыл бойы облыстық деңгейде тұрақты өткізіліп келеді.

Байқауға 4 бағыт бойынша 150 өнерпаз қатысты.

Байқау барысында оқушыларымыз сөз саптау шеберлігі мен ой тапқырлығын танытып, қорытынды бойынша екі бағыттан жүлделі II орынды иеленді.

 «Өнер сайысы» бағыты бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларынан құралған команда – 2-орын.

Жетекшісі: Парманқұлова Кеңескүл

 «Айтыс өнері» бағыты бойынша Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Нұрболұлы Нұрбақ – 2 орын. Жетекшісі: Байдабекова Гүлжанар.

Жас шешендерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы уақытта да білім мен өнер жолында биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *