
Қыземшек кенті модельді кітапханасында жазғы демалыс кезінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жазы қызығы – кітаппен» атты танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында қатысушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білім алудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Балалар жаз мезгілінде оқуға ұсынылатын қызықты кітаптармен танысып, өздерінің сүйікті шығармалары жайында пікір алмасты. Сонымен қатар түрлі танымдық сұрақтар қойылып, жұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер айтылды.Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, кітап оқудың пайдасы туралы өз ойларын ортаға салды. Кітапхана қорындағы балалар әдебиеттеріне назар аударылып, жазғы демалысты кітаппен өткізудің тиімділігі насихатталды.Танымдық сағат тартымды өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара соңында оқырмандар кітапханаға жиі келіп, көркем әдебиеттерді оқуға шақырылды.