КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бөлісу

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе көктемгі дала жұмыстарының барысы және жанар-жағармай мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлерге жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары жөнінде Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов хабарлама жасады. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясындағы жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, бұл бағытта биылғы жылға атқарылар жұмыстарды кеңінен баяндады.

Өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Созақ, Құмкент, Шолаққорған, Жартытөбе ауылдық округтерінен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, ауылдық округтерден 209 азамат 1 млрд 160 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Аталған жобаға биылғы жылы Шолаққорған, Сызған, Қарақұр және Қаратау ауылдық округтері енгізіліп, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылуда.

Бұл бойынша аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған пилоттық жобаны ұтымды пайдалануға бағытталған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатындағы жобаларды жіті бақылауына алды.

Сонымен қатар, бұған дейінгі өткен жиындарда сала мамандарына, ауылдық округтер мен кент әкімдеріне жүктелген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Абдуахат Бакиров хабарлама жасады. Аудан басшысы әкімдерге атқару керек нақты міндеттемелер жүктеп, өз ісіне немқұрайлылық танытқан басшылар мен округ әкімдерінің мәселесін қарауды тапсырды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған