КІТАП, ИНТЕРНЕТ, ЖӘНЕ ЖАСТАР

Бөлісу

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кітап, интернет және жастар» тақырыбында Сызған ауылы жастары арасында дөңгелек үстел өтті.

Қазіргі қоғам- жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXl ғасырдың бұл ағымы -қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді, жақсы кітапты оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп,өз пікірін еркін жеткізе алады.Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады және интернетті меңгеруіміз керек деп,таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті.

Шара барысында әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтану керек екендігі айтылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған