Қазақстан Республикасы Құрылтайыдепутаттарының сайлауы – ел дамуының жаңакезеңі

2026 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан РеспубликасыҚұрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес ҚазақстанРеспубликасы Құрылтайы депутаттарыныңалғашқы сайлауы 2026 жылғы 23 тамызғабелгіленді.  

Бұл сайлау – еліміздің конституциялықреформалары аясында жүзеге асырылып жатқанмаңызды саяси науқан. Жаңа Конституцияға сәйкесҚазақстанда заң шығару билігін жүзеге асыратынжоғары өкілді орган ретінде бір палаталыҚұрылтай құрылып, оның депутаттарын халықтікелей сайлайтын болады.  

Президент Жарлығына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының Орталық сайлау комиссиясынасайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыруміндеті жүктелді. Осыған байланысты Орталықсайлау комиссиясы алғашқы отырысын өткізіп, сайлау науқанының негізгі іс-шараларыныңкүнтізбелік жоспарын бекітті. Сонымен қатарсайлаушылар тізімімен жұмыс жүргізу, сайлауқұжаттарының нысандарын белгілеу және саясипартиялардың қатысу тәртібі сияқты маңыздымәселелер қаралды.  

Сайлау процесі Конституция мен сайлау туралызаңнама талаптарына сәйкес ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидаттары негізіндеұйымдастырылады. Әрбір азаматтың сайлауғақатысуы – елдің болашағына дегенжауапкершілігінің көрінісі.

Құрылтай депутаттарының сайлауы – Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезеңніңбастамасы. Бұл науқан азаматтардың мемлекеттікбасқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, халықтыңеркін білдіруге және елдің одан әрі дамуына өзүлесін қосуға жол ашады.

23 тамызда өтетін сайлауға белсенді қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы әріазаматтық парызы.

                             Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *