БАҚ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жергілікті журналистер мен ақпарат саласының ардагерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесуде ауданның қоғамдық-саяси өмірін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, ел ішінде атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегі ерекше атап өтілді. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы журналистика саласында табанды еңбек етіп, өңірлік баспасөздің дамуына өзіндік үлес қосқан ардагер қаламгерлерге құрмет көрсетілді.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы өз сөзінде журналистиканың қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, ақпарат саласы өкілдерінің кәсібилігі, жауапкершілігі мен адал еңбегі халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан журналистер мен сала ардагерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, арнайы сый-сияпаттар ұсынылды.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *