
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату.
Аталған іс-шараға Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінен Шохан Ержанұлы, Созақ аудандық кәсіпкелер палатасы филиалының директоры Арман Анарбаев және Созақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан Сабит Салманұлы және жауапты мамандары қатысты. Іс-шара аясында «Кәсіпкерлік және салық мәселері бойынша т. б.» тақырыбына орай азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауаптар ұсынылды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы үнпапақтар азаматтарға таратылды.
Мемлекеттік органдар тарапынан сервистік көзқарасты дамыту, ашықтық пен халыққа жақын болу принципін ұстану бағытында өткізілген бұл іс-шара тұрғындар тарапынан оң бағасын алды.
(Созақ үні газетінің №37 30.05.2026ж басылымынан)