АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тұрғындарын кезекті мәрте жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында өтіп, оған 30-дан астам тұрғын қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар негізінен әлеуметтік және тұрғын үй мәселелері бойынша өтініш білдірсе, бірқатар тұрғындар ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту бағытындағы мәселелерін көтерді.
Аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішіне мұқият назар аударды. Көтерілген бірқатар мәселелер өз шешімін тауып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Сондай-ақ тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген азаматтарға тұрғын үй кезегіне қою тәртібі, баспананы бөлу талаптары және бұл бағыттағы жұмыстардың жергілікті әкімдік емес, «Отбасы банк» жүйесі арқылы заңнамаға сәйкес жүргізілетіні жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қабылдау барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы -«Өзім де осы ауданның перзентімін. Сондықтан тұрғындардың әрбір мәселесіне бейжай қарай алмаймыз. Егер заңнама талаптарына қайшы келмейтін тұстары болса, шешу жолдарын қарастыруға әрдайым дайынбыз», – деді.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары мен бірқатар ауылдық округ әкімдері қатысты.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *