АУДАНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында аудан көлемінде ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.
Тазалық шарасына мекеме қызметкерлері, тұрғындар, ерікті жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік аясында Шолаққорған–Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағында көшеттерді күтіп-баптау, суару, арамшөптерден тазарту және абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, Шолаққорған–Созақ, Шолаққорған–Шымкент және Шолаққорған–Түркістан бағыттарындағы күре жолдардың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Елді мекендерде күл-қоқыс шығару, қоғамдық орындарды ретке келтіру, су өткелдері, каналдар мен арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Көше бойындағы ағаштардың түптері әктеліп, айналасы ретке келтірілді.
Жалпы сенбілік жұмыстарына 3000-ға жуық адам мен 16 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *