АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев «Созақ аудандық орталық ауруханасы» ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды. Нысандағы құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы ауданның медицина саласын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы қосымша жоспарларымен бөлісті. Бұл бойынша өндіріс орындарымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, жоба аясында медициналық мекеме ғимараты толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай бейімделеді. Бас мердігер мекеме – «KazBuildCo» ЖШС. Аталған жоба «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының демеушілігі арқылы жүзеге асуда.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың 11 сәуірінде басталған. Жобаны 2027 жылдың 31 қазанында аяқтау жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанның «В» блогында, яғни терапия бөлімінде демонтаж, іргетас пен қабырғаларды күшейту, арматура қаңқаларын орнату және құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстары жүргізілуде. Нысанда 30-дан астам жұмысшы мен арнайы техникалар жұмылдырылған.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *