ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ МЕН ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған тағылымды мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиын сұрапыл соғыс жылдарында ел мен жер үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Құран бағышталып, мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, ел тыныштығы мен ұрпақ амандығы жолында қызмет еткен ардагерлерге алғысын білдірді.

Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов сөз сөйлеп, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы тағылымды ойларын ортаға салды.

Шара барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік іс-шарадан кейін «Қаныш-2» мейрамханасында Қарулы Күштер ардагерлері, тыл еңбеккерлері және ауған соғысының қатысушыларына арналған арнайы дастархан жайылып, аудан әкімінің арнайы сый-сияпаты табысталды

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *