Көк байрағымызға құрмет көрсетілді

Аудан орталығындағы «Ту тұғыры» алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран асқақ рухпен шырқалды. Салтанатты шараға қорғау органдарының басшылары, тұрғындар, ардагерлер және жастар қатысты.
Жиында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігінің нышаны, ұлттық бірегейлік пен отансүйгіштіктің айқын белгісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздік пен елдік мұраттарды ұлықтаудағы маңызына тоқталды.
Мерекелік шара аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының патриоттық әндерімен жалғасты.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *